
Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты, олардың басым көпшілігі колледж студенттері. Жастар аға буын өкілдерімен ашық сұхбат құрып, отбасы құндылықтарына қатысты көкейдегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында 40, 50, тіпті 60 жылдан астам уақыт отасқан Төлепбергеновтер, Ақтаевтар, Тілеубаевтар және Нүктекеевтер әулетінің өкілдері отбасы институтының маңызы, жанұядағы сыйластық пен татулық құндылықтары туралы пікір алмасып, жас буынға өмірлік тәжірибелері мен өнегелі өсиеттерін жеткізді.
Кездесудің жүргізушісі – КТК арнасының журналисі Жазира Бегалы өз сөзінде мұндай тағылымдық кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызы ерекше екенін атап өтіп, осындай форматтағы шараны алғаш рет көріп отырғанын жеткізді.
Шараны «Қазақстан» және «Almaty TV»телеарналары ақпараттық тұрғыда жариялады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1226025?lang=ru

Добавить комментарий