«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Опубликовано:

Автор:

в категории
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
 
Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдігіне жүгінуге болады.
 
Құжаттарды Зенков көшесі 15/41 мекен-жайында орналасқан “Отбасын қолдау орталығы” әлеуметтік орталығына тапсыруға болады.
 
Жауапты тұлға: +7 (776) 111-11-20 Арлан Әділбекұлы
 
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 14 маусым.
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1226019?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *