«Таңбаланған дәрілік заттар айналымы кезіндегі аномалиялар (бұзушылықтар)» тақырыбында баяндама оқылды.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен өткізілген апталық лездемеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы Жақсылық Жанерке Алмасқызы және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы А. Сағнадинованың қатысуымен «Таңбаланған дәрілік заттар айналымы кезіндегі аномалиялар (бұзушылықтар)» тақырыбында баяндама оқылды.

Жиналыс барысында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Цифрлық платформа деректері негізінде анықталған бұзушылықтар талқыланды, соның ішінде дәрілік заттарды айналымнан қайталап шығару, таңбалау кодтарын дұрыс пайдаланбау, бір код бойынша бірнеше операция жүргізу және жарамдылық мерзімі өткен препараттарды уақтылы есептен шығармау фактілері атап өтілді.

Қатысушыларға анықталған бұзушылықтар бойынша ескертулер беріліп, нормативтік құқықтық актілер талаптарын қатаң сақтау, деректерді цифрлық жүйеде уақытылы және дұрыс тіркеу қажеттілігі ерекше айтылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша дәрілік заттардың заңды айналымын қамтамасыз ету, ТТҚ АЖ деректерімен нақты есеп жүргізу, қабылдау–беру және айналымнан шығару операцияларын уақтылы рәсімдеу, сондай-ақ мерзімі өткен препараттардың айналымға түсуіне жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1224037?lang=ru