Құрметті ауданымыздың мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен болмысын айқындайтын асыл мұра. Ал өнер – адам жанын байытып, қоғамға ізгілік пен сұлулық сыйлайтын ұлы күш. Сіздер осы қасиетті саланың абыройын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Кітапхана, музей, мәдениет үйлері мен клубтарда, өнер ұжымдарында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір жанның еңбегі зор құрметке лайық. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз ауданымыздың мәдени өмірінің дамуына серпін беріп келеді.
Осынау айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Ізгі тілекпен,
аудандық мәслихат төрағасы
Лариса Қайырғалиева
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1225198?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ