
Дала өрті кезінде Жаркөл ауылдық округінің еріктілер жасағы өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.
Оқу-жаттығу барысында еріктілер мен өрт сөндіру қызметінің мамандары өрт ошақтарын анықтау, өрттің таралуын шектеу, қауіпсіз аймақтарды белгілеу және тұрғындарды эвакуациялау іс-қимылдарын тәжірибе жүзінде пысықтады. Сонымен қатар су жеткізу, арнайы техникалардың қозғалысын үйлестіру және байланыс жүйесінің дайындығы тексерілді.
Бірлескен оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету қабілетін арттырып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-zharkol/press/news/details/1225028?lang=ru

Добавить комментарий