VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстары қорытындыланды

Опубликовано:

Автор:

в категории
 
Атырау облысында екі күнге созылған VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстары өз мәресіне жетті. Спорттық шараға басқарма басшысы Нұрбол Сыдықов қатысып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттады. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, спортшыларға республикалық кезеңде сәттілік тіледі.
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша өткен тартысты бәсекеде үздік өнер көрсеткен аймақ спортшылары республикалық кезеңге жолдама алды.
🏅 Жалпы командалық есеп бойынша:
🥇 І орын — Атырау
🥈 ІІ орын — Құрманғазы ауданы
🥉 ІІІ орын — Исатай ауданы
Сондай-ақ, жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен командалар арнайы дипломдар және медальдармен марапатталды.
VIII Халық ойындары — өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан-қалалар арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды дода.
Айта кетейік, биылғы VIII Халық ойындарының республикалық кезеңі 11-20 маусым аралығында Түркістан қаласында өтеді

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/1223501?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *