
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХІІІ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/1223477?lang=kk

Добавить комментарий