Ұрпақтар сабақтастығы: ҚАЖ қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады 🕊️
Жеңіс күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері дәстүрлі қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барды. Олардың өмір жолы ведомство қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл кездесулер ерекше тағылымға толы болды.
Кездесулер жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Жас ҚАЖ қызметкерлері үшін мұндай жүздесулер — тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар майданда ерлік көрсетіп, соғыстан кейін елді қалпына келтіруге үлес қосқан жандармен жүздесудің бірегей мүмкіндігі.
«Ұрпақтар сабақтастығы — біздің қызметіміздің берік негізі. Ардагерлеріміздің тәжірибесі, ерлігі мен Отан алдындағы адалдығы бүкіл жеке құрам үшін басты үлгі болып қала береді», — деп атап өтті ведомство басшылығы.
Қызметкерлер ардагерлерге бейбіт өмір үшін, өмірлік даналығы мен мол тәжірибесі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Құрмет белгісі ретінде ардагерлерге естелік сыйлықтар, гүл шоқтары мен материалдық көмек табысталды. Сонымен қатар, көптеген ардагерлер үшін әскери жылдардың әндері орындалған шағын концерттер ерекше тосынсый болды.
Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен сарқылмас күш-қуат тілінді. Құрметті жасына қарамастан, олардың көпшілігі әлі күнге дейін сергектігін сақтап, жас буынға ақыл-кеңесін беріп келеді.
Ерлігіңіз, өмірлік ұстанымыңыз және ортақ іске деген адалдығыңыз үшін алғысымыз шексіз! Ешбір ардагер назардан тыс қалмайды.
____________________________________
Преемственность поколений: сотрудники УИС поздравили ветеранов с Днем Победы 🕊️
В канун празднования Дня Победы сотрудники уголовно-исполнительной системы провели традиционную благотворительную акцию, навестив ветеранов Великой Отечественной войны и тружеников тыла, чей жизненный путь был неразрывно связан со службой в ведомстве.
Встречи прошли в очень теплой и душевной атмосфере. Для молодых сотрудников УИС такие визиты — это не просто дань уважения, а уникальная возможность лично пообщаться с людьми, которые ковали Победу на фронте и восстанавливали страну в послевоенные годы.
«Связь поколений — это фундамент, на котором строится наша служба. Опыт, мужество и преданность долгу, которые демонстрируют наши ветераны, служат главным ориентиром для всего личного состава», — отметили в руководстве ведомства.
Коллеги выразили ветеранам искренние слова признательности за мирное небо, мудрость и колоссальный опыт, которым они продолжают щедро делиться. В знак благодарности почетным гостям вручили памятные подарки, цветы и материальную помощь. Особым сюрпризом для многих ветеранов стали импровизированные мини-концерты под окнами их домов, где прозвучали легендарные песни военных лет.
От всего сердца ветеранам пожелали крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, долгих лет жизни и семейного благополучия. Несмотря на почтенный возраст, многие из них до сих пор сохраняют бодрость духа и с радостью дают напутствия молодому поколению защитников правопорядка.
Спасибо за ваш подвиг, жизненный ориентир и верность общему делу! Ни один ветеран не останется без внимания и заботы.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1222520?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ