Жетісу полицейлері республикалық чемпионат алдында бірлескен жаттығу өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жетісу облысы Полиция департаментінің спортшылары Талдықорған қаласындағы «Арыстан Академиясы» спорт клубының жаттықтырушыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Іс-шара барысында «Арыстан Академиясының» жаттықтырушысы Асқарбекұлы Жандос пен жергілікті чемпион Батырбеков Әли спортшылармен тәжірибе бөлісіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, олар жуырда өткен жекпе-жек сайысында жеңіске жетуге сеп болған дайындық тәсілдері мен тактикалық әдістер туралы айтып өтті.

Жаттығу барысында спортшыларға кәсіби кеңестер беріліп, жауынгерлік рух пен физикалық дайындықты арттыруға бағытталған арнайы жаттығулар өткізілді.

Кездесу соңында жаттықтырушылар полиция департаментінің спортшыларына алдағы Қарағанды қаласында өтетін бокстан республикалық чемпионатта сәттілік тілеп, ел намысын абыроймен қорғауға сенім білдірді.

Жетісу облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1221491?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version