
Бүгін мәслихат депутаты А.Тасановтың төрағалығымен бюджет, экономика және әлеуметтік саясат, жастар ісі, қоғамдық ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Қ.Қаменов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыру және талдау бөлімінің басшысы Т.Бегеев, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы Жаңақала ауданы бюджетінің және ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы жөніндегі жылдық есептері қаралды. 2025 жылы аудандық бюджеттің негізгі параметрлері негізінен орындалды, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік міндеттемелерді, тапсырмаларды орындауға, мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселелер мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1221444?lang=kk

Добавить комментарий