IT-фестиваль «New Generation»

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылғы 14 мамырда Өскемен қаласында мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында үздік IT-жоба бойынша облыстық байқау форматында дәстүрлі «New Generation» IT-фестивалі өтті. Байқау білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай жасау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ талантты жастарды ғылым саласына тарту мақсатында білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Риддер қаласынан фестивальге «№2 орта мектебі» КММ, «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, «М. Горький атындағы негізгі орта мектебі» КММ, «№1 мектеп – лицейі» КММ және «№10 орта мектебі» КММ оқушылары қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша Риддер қаласының командасы 10+ жас санатында «3D-модельдеу» және «Бағдарламалау» бағыттары бойынша І орын иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

14 мая 2026 года в городе Усть-Каменогорске состоялся традиционный IT-фестиваль «New Generation» в формате областного конкурса на лучший IT-проект среди обучающихся школ, колледжей и высших учебных заведений.
Конкурс был организован с целью повышения творческой активности обучающихся, создания необходимых условий для поддержки одарённых детей, развития их компетенций в сфере цифровых технологий, а также укрепления взаимного сотрудничества между образовательными организациями для привлечения талантливой молодёжи в сферу науки.
От города Риддера в фестивале приняли участие учащиеся КГУ «Средняя школа №2», КГУ «Общеобразовательная школа №12», КГУ «Основная средняя школа имени М. Горького», КГУ «Школа-лицей №1» и КГУ «Средняя школа №10».
По итогам фестиваля команда города Риддера показала высокий результат, заняв I место в возрастной категории 10+ по направлениям «3D-моделирование» и «Программирование».
Поздравляем победителей и желаем им новых успехов и достижений!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-ridder/press/news/details/1221093?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *