
Апта көлемінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Бисенова және Ә.Әбләзім қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
– Абай көшесі, №6 көпқабатты тұрғын үй шатырының техникалық жағдайын қайта тексеріп, тұрғын үйді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Науқас баласының емделуіне байланысты жолдама алу мәселесі көтерілді.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1221460?lang=kk

Добавить комментарий