2026 жылы 15 мамыр күні сағат 10:00-де Алматы облыстық мәслихатының кезекті L сессия отырысы өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Сессия барысында Алматы облысының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы, өңірдің 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары, денсаулық сақтау, құрылыс, жер қатынастары салаларындағы атқарылған жұмыстар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралды. Сонымен қатар облыстың өңірлік нышанын бекіту, комиссиялар құрамын қалыптастыру және бірқатар шешімдерге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиынға Қарасай ауданы мәслихатының төрағасы Бауыржан Бақтыбайұлы және Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы қатысып, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сессияда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өзекті мәселелер көтеріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер айқындалды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karasay/press/news/details/1221493?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *