ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінің негізгі мәселесі: 2026-2028 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты қайта бөлу және бюджет қаражатын бірінші кезектегі шығыстарға жіберу туралы хабардар етті.  Депутаттардың барлық сұрақтарына негізделген жауаптар берілді.   

    Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1219902?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version