
VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстарының ашылу салтанаты өтті
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен VIII Халық ойындарының іріктеу жарыстарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауқымды спорттық шараға өңірдің қала-аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.
Салтанатты жиында спорт саласының өкілдері мен ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Аймақ спортшылары ұлттық және олимпиадалық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынап, республикалық кезеңге жолдама үшін таласады.
Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өтуде: баскетбол (3х3), волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, футзал, асық ату, қол күресі және гір спорты.
Айта кетейік, VIII Халық ойындарының республикалық кезеңі 11-20 маусым аралығында Түркістан қаласында ұйымдастырылады.
Спорт — ынтымақ пен салауатты өмір салтының негізі. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/1220487?lang=kk

Добавить комментарий