Өскемен қаласында өткен «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойынының облыстық финалында Риддер қаласының намысын қорғаған «Сұңқар» командасы жоғары дайындық пен нағыз патриоттық рухтың үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді!
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен табандылықтың, бірлік пен ұйымшылдықтың айқын нәтижесі. Команда барлық кезеңдерде өздерінің ептілігі мен шеберлігін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.
Команда жетекшісі – Бекенов З.Б.
Команда құрамы: Капасов А., Абдурахмонова К., Алмасұлы К., Бокеев Қ., Қадылбек Т., Ерболатова Н., Құмарбеков А., Қайырхан Қ., Советханов Е.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңіз – Риддер қаласының мақтанышы! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-ridder/press/news/details/1218643?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ