Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
М.Н. Ергешбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «М.Н. Ергешбаевты тағайындау туралы» 2026 жылғы 8 мамырдағы № 1271 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Н. Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 12 мамыр
№ 16/29
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1218620?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ