
2026 жылғы 29-30 сәуір күндері Өскемен қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында өткен “Дене шынықтыру” олимпиадасының облыстық кезеңінде Риддер қаласының командасы жүлделі 3-орынға ие болды!
Бұл – команданың табандылығы мен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Әр қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз білімдері мен шеберліктерін дәлелдей алды.
Команда жетекшісі – Сағатов Б.С.
Жетекшінің кәсіби бағыт-бағдары мен қолдауының арқасында команда осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-ridder/press/news/details/1218640?lang=kk

Добавить комментарий