2026 жылғы 6 сәуірде Қостанайда С.Ш. Манасбаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының жария тыңдауы өтті. Отырыс депутаттардың, облыс әкімдігінің облыстық департаменттері мен басқармаларының өкілдерінің, қоғамдық кеңестердің, денсаулық сақтау және БАҚ ардагерлерінің, басқа да мүдделі органдардың, сондай-ақ Арқалық қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Жария тыңдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы №894 қаулысына сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесіне коммуналдық меншіктің екі объектісін қосу туралы мәселе қаралды.
Бірінші обьект бойынша Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМК медициналық қоғамдастық өкілдері мен депутаттар сөз сөйледі.
Отырысқа қатысушылар бұл обьект әлеуметтік сала ұйымдарына жататынын және облыстың (қаланың) балаларына, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына мамандандырылған медициналық көмек көрсететінін айтты.
Талқылау барысында мекемені жекешелендіру мыналарға әкеп соғуы мүмкін екендігі айтылды:
балалар үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін төмендету; қызметтер құнының өсуі; халықтың жеңілдетілген санаттары үшін әлеуметтік кепілдіктердің қысқаруы; әлеуметтік маңызы бар объектіге мемлекеттің бақылауының жоғалуы.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар осы объектіні әлеуметтік маңызы бар ретінде жекешелендірудің орынсыздығы туралы ұстанымын білдірді.
Екінші обьект бойынша Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Қостанайюжэлектросервис» КМК талқылау кейінге қалдырылды. Жария тыңдау өткізу уақыты туралы БАҚ-та алдын ала хабарланатын болады.
Жария тыңдау мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар объектілерге бақылауын сақтаудың маңыздылығын растады және Қостанай облысының тұрғындары үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қолдауға бағытталған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218496?lang=ru
Добавить комментарий