Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ТУРИСТІК КЕШЕН БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР
Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылдық округінің Пістелі ауылында «Saumal De Lux» туристік-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Осыған орай аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Туристік кешеннің басты ерекшелігі – саумалмен емдеу. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Жоба 2026-2027 жылдар аралығында іске асырылады. Биыл жалпы аумағы 1 280 шаршы метрді құрайтын заманауи қонақ үй пайдалануға беріледі. Қонақ үйде 14 стандартты және 2 VIP бөлме қарастырылған. Бұдан бөлек, мейрамхана, жазғы демалыс аймағы және әрқайсысы 160 шаршы метрлік 3 ерекше үлгідегі демалыс үйі салынуда.
Жобаның екінші кезеңінде 1080 шаршы метрлік спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глэмпинг және 5 киіз үй бой көтереді. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен екі аспалы көпір салу және тау бөктерімен өтетін ұзындығы 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын жасау жоспарланған. Кешеннің бірінші кезеңі 1 шілдеге дейін аяқталатын болады.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі әкімдік тарапынан газ, электр жарығы, жол және өзге де инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, мердігерлерге құрылыс сапасын сақтап, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. «Saumal De Lux» кешені іске қосылғаннан кейін өңірдегі туризм саласының дамуына тың серпін беріп, аудан экономикасының өркендеуіне оң ықпал етеді деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В ТЮЛЬКУБАССКОМ РАЙОНЕ СТРОИТСЯ НОВЫЙ ТУРИСТИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС С ЛЕЧЕНИЕМ САУМАЛОМ
В селе Пистели сельского округа Жаскешу Тюлькубасского района ведётся строительство туристско-оздоровительного комплекса «Saumal De Lux». В связи с этим аким района Аскар Естибаев специально посетил объект и ознакомился с ходом строительных работ. Главной особенностью туристического комплекса станет лечение саумалом – парным конским молоком. На сегодняшний день строительные работы завершены на 90 процентов. Реализация проекта запланирована на 2026–2027 годы. Уже в этом году планируется ввести в эксплуатацию современную гостиницу общей площадью 1 280 квадратных метров. В гостинице предусмотрены 14 стандартных и 2 VIP-номера. Кроме того, строятся ресторан, летняя зона отдыха и 3 уникальных гостевых дома площадью по 160 квадратных метров каждый.
На втором этапе проекта планируется строительство спортивного комплекса площадью 1080 квадратных метров, летнего бассейна, 10 глэмпингов и 5 юрт. Также предусмотрено развитие рыбного хозяйства, строительство двух подвесных мостов через реку Кокбулак и создание пешеходной дорожки длиной 1,5 километра вдоль горного склона. Первый этап комплекса будет завершён до 1 июля.
Ознакомившись с ходом строительства, аким района отметил, что со стороны акимата будет оказана всесторонняя поддержка в проведении газа, электроэнергии, дорог и другой инженерной инфраструктуры. Кроме того, подрядчикам поручено обеспечить качество строительства и завершить проект в установленные сроки. Ожидается, что после запуска комплекса «Saumal De Lux» он придаст новый импульс развитию туризма в регионе и окажет положительное влияние на экономику района.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1217578?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version