Тәртіп және рух күші: Жетісу облысының полицейлері бокстан ІІМ турниріне дайындалуда

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты қарсаңында бокс бойынша іріктеу жарыстарынан сәтті өткен Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алдағы турнирге белсенді дайындықтарын жалғастыруда. Жаттығулар Талдықорған қаласындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, ішкі істер органдарының ардагері Талғат Қапсалықұлы Тойғұловтың жетекшілігімен өтуде.

Тәжірибелі бапкер спортшылардың физикалық төзімділігіне, жекпе-жек техникасына және моральдық-ерік дайындығына ерекше көңіл бөлуде. Оның айтуынша, тәртіп, сабырлылық және өз-өзіңмен үздіксіз жұмыс істеу — спорттағы ғана емес, қызметтегі табыстың да басты негізі.

— «Жетісу облысының намысын қорғайтын полиция қызметкерлері жоғары дайындық деңгейін, мықты мінез бен жеңіске деген ұмтылысты көрсетіп отыр. ІІМ чемпионатында олар өңірімізді лайықты таныстырып, жақсы нәтиже көрсетеді деп сенемін», — деді Талғат Қапсалықұлы Тойғұлов.

Айта кету керек, полиция қызметкерлерінің спорттық жарыстарға қатысуы дене дайындығын нығайтуға, командалық рухты дамытуға және жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Мұндай шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерді атқару барысында қажетті кәсіби қасиеттерді жетілдіруге де мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1218083?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version