2026 жылдың 11 мамырында Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім мен өнер додасында Нұра ауданы, Нұра жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Абильдина Нұрдана айрықша көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді! Жетекшісі: Искакова Жанар Балтабаевна. Нұрдана «Сөз шебері» номинациясы бойынша бақ сынап, шешендік өнері мен тіл байлығының арқасында ІІ орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталды. Нұрдананы осынау үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, мектеп абыройын республикалық деңгейде қорғаған жас дарынға алдағы уақытта да сәттілік тілейміз! Бұл — мектептің ғана емес, бүкіл Нұра ауданының мақтанышы.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1217572?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ