Шардарада ынтымақ пен татулық мерекесі салтанатты түрде өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жүрекжарды құттықтауын Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы оқып, сөз кезегіндегі А.Романұлының құттықтауында ел бірлігі мен татулықтың маңызы кеңінен айтылып, ынтымақ пен ауызбіршіліктің мемлекет дамуының басты тірегі екенін және ынтымақ пен татулықтың, достық пен сыйластықтың айшықты мерекесі – 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізді.
Содан соң, аудан әкімінің Алғыс хатымен Шардара ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан түрлі салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Мерекелік жиында аудан өнерпаздары мен мәдениет қызметкерлері ел бірлігі мен татулықты дәріптейтін патриоттық әндер мен тағылымды сахналық қойылымдарды көрермен назарына ұсынып, кештің мазмұнын айшықтай түсті. Әсем ән мен жарасымды жыр өрілген концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ынтымақ пен достықтың қадір-қасиетін терең сезіндірді.
Тағылымы мол мерекелік іс-шара барысында аудан тұрғындары мен қонақтары бірлік пен берекенің мәнін ұғынып, ел тыныштығы мен татулықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді. Берекелі басқосу көпшіліктің ыстық ықыласы мен ақжарма тілектеріне ұласып, мерекелік кеш жоғары деңгейде өз жалғасын тапты.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218012?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *