
Бұл – татулық пен тұтастықты, достық пен бауырмалдықты дәріптейтін, еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымағын айшықтайтын ерекше мереке. Бірлігі бекем елдің болашағы баянды, тірлігі берекелі болатыны – тарих дәлелдеген ақиқат. Сондықтан да халқымыз ежелден «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп ынтымақты ең асыл құндылықтың бірі санаған.
Бүгінде қасиетті Шардара өңірінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Бұл – ел ішіндегі ауызбіршілік пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісі. Ата-бабадан аманат болып жеткен ынтымақ пен татулық – біздің ең үлкен байлығымыз.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен толағай табыстары ең алдымен ел ішіндегі тұрақтылық пен бірліктің арқасы екені анық. Президентіміздің сарабдал саясатының негізінде халқымыздың ынтымағы нығайып, мемлекетіміздің мерейі үстем болуда. Осындай берекелі бірліктің арқасында Шардара ауданы да күн санап көркейіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып келеді.
Берекелі тірліктің бастауы – бейбітшілік пен татулық. Сондықтан біз үшін ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет әрі қасиетті парыз. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жастарға достық пен сыйластықтың қадірін ұғындыру – келешек алдындағы үлкен жауапкершілік.
Қадірлі жерлестер!
Мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Ынтымағымыз ырысқа, бірлігіміз баянды болашаққа бастай берсін!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1217998?lang=kk

Добавить комментарий