Педикулездің алдын алу

Опубликовано:

Автор:

в категории

Педикулездің алдын алу

 

Педикулез — биттер тудыратын паразиттік ауру, ол жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынас кезінде немесе жеке заттар арқылы беріледі.

Педикулез отбасында және балалар ұжымдарында тез таралады, сондықтан ауруды дер кезінде анықтап, емдеу маңызды.

Педикулездің алдын алу шаралары гигиеналық ережелерді сақтауға негізделеді:

– жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, дене мен басты жиі жуу, іш киім мен төсек-орынды жиі ауыстыру, оларды ыстық суда жуу және үтіктеу, әсіресе балалардың заттарын, тұрғын үйді үнемі тазалау;

– басқа адамдардың тарағын, сүлгісін, төсек-орнын, шаш қыстырғыштарын, бас киімдерін, құлаққаптарын және т.б. пайдаланбау, себебі осы заттар арқылы бит жұғуы мүмкін, бұл туралы балаларды үйрету;

– балалардың басын жүйелі түрде тексеріп отыру (мектеп, балабақша және басқа да балалар ұйымдарына баратындарда), жазғы лагерьлерден кейін, сондай-ақ отбасы мүшелерінің немесе таныстардың бірінде педикулез анықталған жағдайда; педикулезбен ауырған балалар балалар мекемелеріне жіберілмейді.

Өзіңізде немесе отбасы мүшелерінде педикулез анықталған жағдайда, медициналық мекемеге жүгіну қажет. Онда емдеу, заттар мен үй-жайды өңдеу бойынша нұсқаулар беріледі және науқас пен онымен байланыста болған адамдарға бақылау жүргізіледі.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1217534?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *