11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі

Опубликовано:

Автор:

в категории

13-15 мамыр – теңге ілуден II Әлем чемпионаты
Жарысқа 10 елден 50-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркістан қ.

13-16 мамыр – ескек есу слаломынан Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 3 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Сяси қ. (Қытай)

14-15 мамыр – қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қ.

14-17 мамыр – ат спортынан кедергілерді еңсеруден Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Бішкек қ. (Қырғызстан)

14-20 мамыр – дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир
Құрама сапынан 5 спортшы татамиге шығады.
Өтетін орны: Бельско-Бяла қ. (Польша)

15-17 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі
Турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Шанхай қ. (Қытай)

16-17 мамыр – жеңіл атлетикадан Central Asian U18 Open Championships турнирі
Ел құрамасынан 12 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)

16-21 мамыр – желкенді спорттан 1 ASAF Central Asian Sailing Championship 2026 жарысы
Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шолпан-Ата қ. (Қырғызстан)

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1217339?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version