ДРЕНАЖ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсарту, жер асты суы деңгейін реттеу және егістік алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында ауданда салынып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына зерделеуді жалғастыруда.
Жауапты сала мамандарымен бірге Ж.Ералиев ауылдық округіндегі құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасы мен техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуына назар аударды.
Бүгінде аталмыш округте кеңестік дәуірден қалған 39 тік дренажды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң округке қарасты 14 елді мекеннің 8042 га суармалы егістік және 1383 га үйіргелік жерлері толық қамтылады деп күтілуде.
2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылдың І жартыжылдығында толық аяқталады деп жоспарланған.
Мақталы, Қызылқұм және Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренаж қалпына келтіріліп, 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту «КиікбайСтройСервис» ЖШС жүктелсе, Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіру «Арт-Құрылыс» ЖШС міндеттелген.
Дренаж жүйелерінің сапалы салынуы өңір үшін аса маңызды екенін, жобаның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін айтқан аудан басшысы жауапты сала басшыларына мердігерлермен жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1217228?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ