ЖЕТІСАЙДА «ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
4 жылға созылған сұрапыл соғыста от кешіп, кеудесін оққа төсеген соғыс ардагерлерінің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек. Соғыс зардабы ғасырдан ғасырға жетерлік ауыр қасірет болса, ата-бабамыздың майданда көрсеткен жанқиярлық пен отансүйгіштік қасиеттері бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі, аманат болып қалмақ.
Жетісай ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен «Отан қорғаушылар күні» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық саябақта ұйымдастырылған салтанатты мерекеге аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, жергілікті мәслихат депутаттары мен Ауған, жергілікті соғыс ардагерлері, аудан зиялылары мен тұрғындар қатысты. «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қан майданда қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Мереке аясында ұйымдастырылған қолөнер және кітап көрмесін тамашалады.
«Баршаңызды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жақынынан қапыда айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті екендіктерін көрсетіп, қиындыққа төтеп берген, жеңіске жеткен ата-апаларымыз бен сүйікті Отанымыздың тыныштығын күзеткен азаматтарымыздың айтулы мерекесі құтты болсын!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естеліктер мен ерліктер үшін мақтаныш ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді.
Күнтізбеде ерекше мәнге ие осынау мерекелерді еліміз ерекше көңіл-күймен атап өтеді. Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, елжанды ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі алдында басымызды иеміз. Сіздерге зор денсаулық пен бақыт, қуаныш және болашаққа деген сенім, сондай-ақ, бейбіт, ашық аспан тілеймін!» деген аудан басшысы жұртшылықты айтулы мерекелермен құттықтап, салтанатты шараны ашып берді. Елдің тыныштығы мен бірлігін сақтау саласына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты іс-шара барысында қанды қырғын жылдарынан сахналастырылған композициялар қойылып, аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуларына ұласты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естеліктер мен ерліктер бүгінгі ұрпақ үшін мақтаныш, мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етіп келеді. Күнтізбеде ерекше мәнге ие мерекені неміс фашистеріне қарсы соғысқан әлем елдерінің бәрінде ерекше көңіл-күймен аталып өтілетіні аян.
Айта кетейік, 4 жылға созылған сұрапыл соғысқа Мырзашөл топырағынан 13 мыңнан астам сол кездегі жалындаған жастар аттанса, солардың небәрі 3932-сі ғана елге оралған. Олардың ішінен 12 ардагер «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болған. Олар кешегі сұрапыл соғыста өлімге қарсы қасқая тұрып, жас өмірлерін ұрпағының бақыты үшін пида еткен ерлік пен бейбітшіліктің, патриотизмнің символы.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1216579?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ