Жекеменшік мектептерге семинар өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен облыс аумағында тіркелген жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен басшыларына семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – жекеменшік мектептер арасында оқушылардың жиі ауысуы және сол арқылы кәмелетке толмағандардың шетелдерге шығып кетулерінің алдын алу, үлгілік Алгоритмнің талаптарын және ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының талаптарын түсіндіру болып табылады.
Іс шараға ҰҚКД Терроризмге қарсы орталық бөлімі, облыстық прокуратура, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, білім сапасын бақылау департаменті, дін істері басқармасы және білім басқармасы арнайы қатыстырылды.
Шара регламентіне сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында баяндамалар жасап, ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен бірге, ТТО объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар түсіндірілді.
Шара қорытындысымен мектеп басшылары тарапынан сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды және өздерінің сұрақтарына жауапты мамандар тарапынан жауаптарын алды.

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216370?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *