Түркістанда мемлекеттік қызметкерлерге терроризмге қарсы семинар ұйымдастырылды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Түркістан қаласында «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» мекемесінің қызметкерлеріне күдікті заттар анықталған жағдайда әрекет ету реттілігі мен күдікті контенттерден және насихаттардан қорғану тәсілдерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинар облыстық ТҚК нұсқауының аясында және мемлекеттік қызметкерлердің террористік қауіпке иммунитетін көтеру мақсатында алғашқы ден қою әрекеттерін бойларына сіңіру және күдікті заттарды анықтау туралы түсіндірілді.
Семинарда ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен арнайы дайындалған терроризм қаупі туындаған кезде алғашқы әрекет ету алгоритмі тақырыбындағы бейнематериал ұсынылды.
Әр мемлекеттік, құқық қорғау және азаматтық сала өкілдерінің іс-әрекет міндеттері түсіндірілді.
Әлемдегі соңғы саяси оқиғаларға сәйкес, шетелдік тыйым салынған уағызшылар туралы сөз қозғалып, оларды тыңдаудың қауіптілігі, теріс ағымдардың белгілері, олардың әлеуметтік желілер арқылы жүргізетін теріс насихаттары мен әдіс-тәсілдері туралы баяндалды.
Орын алған күдікті оқиғалар бойынша дереу жедел арналарға хабарлау қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесу соңында терроризмге қарсы әрекет ету бағытында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216258?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *