Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың
Жеңіс мерекесімен құттықтауы
Поздравление акима Костанайской области Кумара Аксакалова
с Днём Победы
Құрметті жерлестер!
Қадірлі ардагерлер!
Сіздерді ерлік пен елдіктің символына айналған Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – бейбіт өміріміздің жолында жан аянбаған барша ардагерлерге ерекше құрмет көрсететін күн. Бұл мейрам тарихымызда мәңгілік шежіре болып жазылып тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз» деді.
Біз жауға қарсы тұрған барша батырлардың рухына тағзым етеміз. Жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті.
Жеңіске тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмыла білді. Бүгін олардың да ерлікке толы өмірі дәріптеліп жатыр.
Қостанай өңірінен майданға 75 мыңнан астам адам аттанып, соның жартысынан көбі туған жерге оралмады. Әр отбасы 18 жасқа толған азаматтарды қасиетті Отанымызды қорғауға шығарып салып жатты. Қаншама ата-ана жауынгер ұлдарын фашисті жеңіп, үйге аман-есен келеді деп үміттенді.
Қостанайда жасақталған 151-ші жеке атқыштар бригадасы кейін 150-ші атқыштар дивизиясына айналды. Олар Еуропаны азат етті, қазақтың әйгілі батыры Рақымжан Қошқарбаевпен бірге Рейхстагта Жеңіс Туын қадады.
Аталған 150-ші дивизия биыл 85 жылдығын атап өтуде. Бұл жаужүрек бөлімнің даңқы Қостанай облысы үшін ғана емес, Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне ерліктің символы болып қалды.
500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың қатарында жерлестеріміз – Сұлтан Баймағамбетов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сейітхан Темірбаев, Илья Сьяновтардың есімдері айрықша аталады.
Батырлардың ерлігі – елдік пен отансүйгіштіктің мәңгілік үлгісі.
Уважаемые земляки, костанайцы!
В годы войны костанайцы проявили себя не только на полях сражений, но и в тылу. Под лозунгом «Всё для фронта, всё для Победы!» наши земляки самоотверженно трудились, обеспечивая фронт всем необходимым и приблизили долгожданный день Победы.
Из Костанайской области на фронт были призваны свыше 75 тысяч человек. Совсем юные, восемнадцатилетние парни уходили защищать Родину, оставляя родных и близких. Для тысяч семей это стало тяжёлым испытанием, боль которого навсегда осталась в памяти поколений.
Сегодня на торжественном мероприятии присутствуют наши фронтовики – Касымхан Алдабергенов, Михаил Подоляков и Дильдабек Нурушев. Всем нашим ветеранам исполнилось 100 лет.
Давайте поприветствуем наших героев!
Именно такие люди, как наши ветераны, как легендарный Халық Қаһарманы Рахымжан Кошкарбаев, установивший Знамя Победы над Рейхстагом, стали примером мужества, стойкости и преданности Родине. Их подвиг навсегда останется в памяти народа и в истории нашей страны.
День Победы – это напоминание о непреходящей ценности мира, единства и согласия, о подвиге, который не имеет срока давности.
Для нас самая главная ценность — это человек, его жизнь, благополучие и будущее наших детей.
Мы склоняем головы перед светлой памятью павших и выражаем искреннюю признательность ветеранам, которые сегодня рядом с нами.
Их судьбы – это уроки мужества, их подвиг – прочный фундамент нашего настоящего и будущего.
Нет ни одной семьи, которой бы не коснулась Великая Отечественная война. И потому память о подвиге поколения Победителей навсегда останется в наших сердцах, объединяя народ вокруг ценностей мира, единства и любви к Родине.
Құрметті қауым!
Ұрпақтың аманаты – елдің бірлігі, тыныштықты сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту.
Біз қаһарман ұл-қыздардың арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз.
Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз.
Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!
Бүгінде Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені.
Осы бейбіт күннің арқасында елімізбен бірге Қостанай облысы қарқынды дамып келеді, барлық бағытта оң өзгеріс бар. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет салаларында қол жеткізілген табыстар – бірлігіміздің, бірлескен еңбектің нәтижесі.
Ардақты ардагерлер!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Мереке құтты болсын, құрметті жерлестер!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1217097?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ