ЖЕҢІС РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Опубликовано:

Автор:

в категории
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара «Жеңіс» саябағында жалғасын тапты. Шара Кеңес Одағы батырларының ескерткіш тақтасы алдында ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара әскери тақырыптағы көрмені тамашалаумен басталып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында гүл қою рәсімімен жалғасты. Гүл шоқтарын қоюға Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы және еңбек ардагері Мырзахмет Темірбеков пен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Берік Нышанбаев қатысты.
Іс-шара аясында театрландырылған көрініс ұсынылып, соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі мен батырлығы сахналық қойылым арқылы көрермендерге жеткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Мерекелік бағдарлама барысында Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Карибжанов Нұртуған Жармұхамбетұлы баяндама жасап, Жеңістің тарихи маңызы мен оның бүгінгі ұрпақ үшін тағылымын атап өтті.
Сондай-ақ, аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Ұзақов Уәлихан Жамалханұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ардагерлерге алғыс білдірді.
Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Онда «Нұр шуақ» би тобының «Катюша» биі, сондай-ақ «Жеңіс күні», «Сарбаздар», «Қазақстан», «Офицер мырзалар», «Қазақстаным Отаным» секілді патриоттық әндер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жеңіс күні – батырлық пен ерліктің, бірлік пен бейбітшіліктің символы. Бұл күн – ел тарихындағы ұлы жеңісті ұлықтап, ардагерлерге құрмет көрсететін ерекше мереке.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1215720?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *