Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері,
тыл еңбеккерлері!
Ардақты ер-азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен Қызылорда қалалық мәслихаты атынан құттықтаймын!
7 мамыр – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауды қасиетті борыш санайтын ер азаматтарға құрмет көрсететін күн. Бұл мереке – батырлық пен отансүйгіштіктің, ерлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
9 мамыр – барша халқымыз үшін аса қастерлі күн. Бұл – майдан даласында ерлікпен шайқасқан ардагерлеріміздің, тылда еңбек етіп, Жеңіске үлес қосқан жандардың жанқиярлығы мен табандылығының жемісі. Біз олардың ерлігін әрдайым мақтан тұтып, мәңгі жадымызда сақтаймыз.
Осы қос мереке – өткен мен бүгінді жалғап, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын ерекше күндер. Бүгінгі ұрпақтың басты міндеті – батыр бабалар аманатына адал болып, тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын нығайту.
Осы мерейлі күндер әр шаңыраққа шаттық сыйлап, жүректерге мақтаныш пен сенім ұялатсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық мәслихат
төрағасы Ибадулла Құттықожаев
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1215211?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ