Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы мерекелер – халқымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігінің айқын белгісі. Отан қорғаушылар күні – мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға деген құрметтің көрінісі. Ал Жеңіс күні – бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларымыздың мәңгілік ерлігін ұлықтайтын қасиетті күн.
Бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық – ардагерлеріміздің, аға буынның жанқиярлығының жемісі. Біз олардың ерлігін әрдайым жадымызда сақтап, кейінгі ұрпаққа үлгі етуге тиіспіз.
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық пен өсіп-өркендеу тілеймін!
Құрметпен,
Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы
Лариса Қайырғалиева
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1215366?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ