ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Отырар ауданында жастар арасында діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«А.Дәрібаев», «Көкмардан» жалпы білім беретін мектептері мен Отырар аудандық №1 және№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде өткен кездесуге Отырар ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков, Түркістан облысы Дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қайрат Салықбаев қатысты.
Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қайрат Салықбаев баяндама жасап қоғамда белең алып жатқан жат ағымдар туралы ақпарат беріп, әлеуметтік желілердегі, күмәнді сайттардағы уағызшыларды тыңдамау, діни материалдарды таратудың жауапкершілігі, шет елде рұқсат етілмеген теологиялық оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы айтып түсіндірді.
Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған жат ағымдарды ұстанушылардың алғашқы белгілері, қандай уағызшыларды тыңдауға болатыны туралы сұрақтарға маман тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1215115?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version