
«Заң мен тәртіп» қағидаты және республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық жағдайды жақсарту, елді мекендерді тазарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы бағытта Атырау облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларын бұзу деректерінің алдын алу, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерін анықтау және қоғамдық орындардың ластануына жол бермеу мақсатында өңір аумағында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейд барысында заманауи технологиялар, оның ішінде дрондар кеңінен қолданылуда. Әуе арқылы жүргізілген бақылау нәтижесінде 20-дан астам құқық бұзушылық анықталып, тиісті заң аясында әкімшілік шаралар қабылданды.
Ал, жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2000-нан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелді.
Аталған шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Таза табиғат – Таза Қазақстан!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1214567?lang=kk

Добавить комментарий