«Мопед» іс-шарасының үш күнінде 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Опубликовано:

Автор:

в категории
Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, облыс аумағында 1–3 мамыр күндері аралығында мотокөлік жүргізушілері арасында жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мопед» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында үш күн ішінде 100-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 62 мопед айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғалардың жол қозғалысына қатысуына жол бермеу бағытында 46 дерек бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көлік құралдарын пайдаланудың 31 дерегі анықталып, алдын алу жұмыстары күшейтілді. Бұдан бөлек, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін мас күйде көлік басқарудың 4 дерегі дер кезінде тоқтатылып, құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес тиісті шаралар қолданылды.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Қауіпсіздік талаптарын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар. Оларға мопед және өзге де көлік құралдарын басқаруға рұқсат бермей, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауын қадағалауларыңызды сұраймыз.
Өйткені бала өмірі мен денсаулығы – сіздердің басты жауапкершіліктеріңіз. Әрбір ата-ана өз перзентінің амандығы үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1214578?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *