2026-шы жыл 2-ші мамырында Медеу ауданы аумағында кезекті сенбілік өтті. Санитарлық-тазалық жұмысы аясында жоспардағы жұмыс Үлкен Алматы каналы мен Халиуллин көшесі бойымен жүргізілді.
Бұл шараға Медеу ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері, коммуналдық қызмет пен мердігерлік ұйым өкілдері, белсенділер мен аудан тұрғындары қатысты.
Жоспарда белгіленген жұмысқа сәйкес:
• 410 азамат қатысты;
• 25 бірлік арнаулы техника жұмылдырылды;
• 19 текше метр қоқыс шығарылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1213347?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ