
Маяқұм ауыл округ әкімшілігі тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Отырар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұсынысына сәйкес ауыл тұрғындары арасында:
✔️ Құтыру ауруының алдын алу:
🐾 Құтыру (су қорқынышы) — жануардан адамға жұғатын, өлімге әкелетін аса қауіпті вирустық ауру.
⚠️ Инфекция көзі:
• жабайы және үй жануарлары (ит, мысық, түлкі, қасқыр және т.б.);
• жұғу тістеу, тырнау немесе ауру жануардың сілекейі арқылы болады.
📌 Адамдағы белгілері:
• мазасыздық, бас ауруы, әлсіздік;
• жара орнында ауырсыну мен қышу;
• жұтыну кезінде бұлшықет құрысуы, су іше алмау;
• ашушаңдық, елестер, салдану.
✅ Алдын алу шаралары:
• қаңғыбас және жабайы жануарлармен байланыспау;
• егер тістесе немесе сілекей түссе — жараны сабынды сумен жақсылап жуып, дереу медициналық мекемеге барып, антирабикалық вакцина алу қажет.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1213342?lang=kk

Добавить комментарий