Петропавл қаласы полиция басқармасының басшылығы, жеке құрамы және ардагерлері Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайындағы басқарма ғимараты жанында орналасқан Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған аллеядағы стелаға гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты сапқа қызметке ондаған жылдарын арнаған ардагерлер, сондай-ақ барлық бөлімшелердің қызметкерлері, оның ішінде адамдарды құтқару кезіндегі ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған патрульдік полиция батальонының инспекторлары қатысты.
Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, бір минут үнсіздік жариялау мен гүл қою — ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, мәңгі сапта қалған әріптестерді еске салатын маңызды дәстүр.
Қалалық полиция басқармасы — өңірдегі ең ірі бөлімше. Оның қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күрес жүргізіп, Антқа және қызметтік борышына адал қызмет етуде.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1212965?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ