
Кишинев, 2026 жылғы 27 сәуір. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық даму және цифрландыру министрі Евгений Осмокескумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, Молдова тарапы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1210864?lang=kk

Добавить комментарий