Елордада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электровелосипедтер мен мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жылы маусымның басталуымен аталған көлік түрлерін пайдаланушылар саны артты. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына және дұрыс тұраққа қоюға бақылауды күшейтті. Белгіленбеген орындарға қалдырылып, басқа жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтіретін көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына эвакуацияланады.
Тексеру іс-шаралары барысында полицейлер тиісті құжаттары жоқ «Bike» маркалы электровелосипедті басқарған 23 жастағы ер адамды тоқтатты. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 1-бөлігі талаптарын бұзғаны үшін оған ескерту жасалды.
Жыл басынан бері құқық бұзушылықтар үшін коммуналдық тұраққа 283 электровелосипед пен 67 мопед қойылды.
Астана қаласы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1209824?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ