Өзбекәлі өнегесі – мәңгілік мұра

Опубликовано:

Автор:

в категории

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Отырар өңірінде Арқалық қаласынан арнайы келген делегация өкілдерінің қатысуымен тағылымды кездесу кеші өтті. Іс-шара аясында қонақтар алдымен фойеде ұйымдастырылған Өзағаңның өмірі мен қызметіне арналған көрмені тамашалап, тұлғаның ел руханиятына қосқан зор үлесімен танысты.

Кеш барысында жүргізуші сөз алып, жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Өзбекәлі Жәнібековтің саналы ғұмыры, ел мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды дамыту жолындағы еңбектеріне кеңінен тоқталды. Арқалық қаласының әкімі Ә.Асанов сөз сөйлеп, тұлға мұрасын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Кештің көркемдік бөлігінде Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шаханов шығармашылығымен байланысты «Арқалықтың ақ таңы» әні орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы негізінде ұйымдастырылған эссе байқауының жеңімпаздары сахнаға шақырылып, құрмет көрсетілді.

Тағылымы мол кеш барысында Арқалық пен Отырар арасындағы рухани байланыс айқын көрініс тауып, ұлт жанашыры болған Өзағаңның өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптелді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1209947?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *