Көшеттер тарту етілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Ауыл» партиясынан сайланған Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Динара Райханова «Таза Қазақстан» акциясын, Президентіміздің экологиялық бастамаларын қолдау мақсатында Тайтөбе ауылындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы саябаққа ағаш көшеттерін сыйға тартты.

Іс-шараға қала мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, Тайтөбе ауылының әкімі Рүстем Ахметов қатысты. Жас көшеттер саябақтың көркін келтіріп, аллеяның шырайын аша түсері анық.

Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа 1945 жылдың 30 сәуірі күні ту тіккен болатын. Бұл сәт – халқымыздың батыр ұлының жанқиярлық шайқастағы ерлігін танытқан, ұлы Жеңісті жақындатқан айтулы күн еді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1207593?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *