Кәсіби шеберлік пен адалдық: аудандық кітапханашыларының жетістіктері

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазіргі қоғамда кітапхана білім, мәдениет және ағартудың маңызды орталығы болып қала береді, ал оның қызметкерлері рухани мұраның нағыз сақтаушылары болып табылады. Еңбегі өңірмен елдеңгейін де жоғары бағаланатын мамандар ерекше мақтаныш сезімін тудырады.

23 сәуірде, Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар күнінде, Қарабалық орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин LIFE» байқауында Бас жүлдеге ие болған Оспанова Н.К. – жарқын мысалдардың бірі болды. Бұл байқау оқуды насихаттауға, мәдени мұраны сақтауға және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты дамытуға инновациялық тәсілдерді көрсеткен кітапхана саласының үздік өкілдерін біріктірді.Осындай маңызды іс-шарадағы жеңіс жоғары кәсібиліктің, шығармашылық көз қарастың және ұлы ұстаздың мұрасына деген терең құрметінің дәлелі болды.

Биылғы жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – библиограф Мағамбетова С.С. еңбегінің лайықты бағалануы. Ол Кітапханашылар күніне орай облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Бұл марапат – көп жылғы адал еңбектің, ауданның кітапхана ісі мен ақпараттық мәдениетін дамытуға қосқан үлесінің куәсі. Библиографиялық қызмет ерекше мұқияттылықты, талдау ойлауды және кәсіби мамандыққа адалдықты талап етеді, ал мұндай мамандар білімді жүйелеуде және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Өсіп келе жатқан жастардың табысы да ерекше қуанышқа бөлейді. «Сөз құдіреті» атты көркем сөз оқу байқауына қатысушы Ожар Аяла екінші орынды иеленді. Оның өнері мәнерлілігімен, шынайылығымен және мәтінді терең ұғынуымен ерекшеленді, бұл жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен оқу мәдениетінің дамуына ықпал ететінін айғақтайды.

Бұл жетістіктер – тек қатысушылардың жеке табысы ғана емес, аудандық кітапхана саласының жоғары даму деңгейінің көрсеткіші. Олар әріптестер мен оқырмандарды шабыттандырады, мамандықтың беделін арттырады және кітапханалардың мәдениет, білім орталықтары және жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын айғақтайды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1208285?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *