Батыс Қазақстан облысында «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты ауылдық округ әкімдерінің облыстық І форумы аясында пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Ауқымды басқосуға Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжанов және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты. Аталған отырыс әкімдердің басын қосып, тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және ауылды дамыту бағытындағы жаңа серіктестік тетіктерін айқындауға мүмкіндік берді.
Форум алаңы жергілікті басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған тиімді серіктестік тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Облыс әкімдігінің бастамасымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған бұл басқосу – ауыл инфрақұрылымын жетілдіру, басқару сапасын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту бағытындағы маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1208034?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ