Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады
Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенім деңгейін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 24-25 сәуір күндері облыс аумағында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді.
Іс-шара аясында облыс тұрғындары мен қонақтары ішкі істер органдарының қызметіне қатысты көкейкесті сауалдарын бейінді қызмет басшылары мен мамандарына тікелей қоя алады.
Кеңес берудің негізгі бағыттары:
- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ сақтау;
- Көші-қон заңнамасын түсіндіру;
- Полиция органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту.
Акция сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша өтеді: Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23 (Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 мамандандырылған бөлімі — Мамандандырылған ХҚКО).
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды ашық диалогқа қатысуға шақырады. Сіздің сұрағыңыз жауапсыз қалмайды!
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1207368?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ