Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС) мамандары, ветеринария саласының өкілдері және Отырар аудандық ауруханасының жауапты қызметкерлері бірлесіп, аса қауіпті жұқпалы аурулардың, атап айтқанда құтырма ауруы мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында Маяқұм ауыл округі әкімшілігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға аталған аурулардың таралу жолдары, алғашқы белгілері және сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, үй жануарларын уақытылы егу, жеке бас гигиенасын сақтау, кене шағудан қорғану жолдары жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, алдын алу шараларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1205901?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ