Маяқұм ауыл округінің әкімі Р. Ілесбектің арнайы тапсырмасына сәйкес, әкімшілік тарапынан Маяқұм ауылында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында құтырма ауруы мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Көшелерде қызметкерлер тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, аурулардың таралу жолдары, алғашқы белгілері және сақтану шаралары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, үй жануарларын уақытылы егу және кене шағудан қорғану жолдары туралы нақты ұсыныстар айтылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1205909?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ