
КР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен Халықаралық би күніне арналған «Ел салтанаты» атты мерекелік концерт Дариян ауылдық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті.
Айтулы кеште ансамбль ұжымы көрермендерге ұлттық би өнерінің озық үлгілерін ұсынып, сахна мәдениеті мен кәсіби шеберліктерін айқын көрсетті. Әрбір қойылым көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер мен рухани ләззат сыйлады.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында Бәйтерек ауданының әкімі Тоқжанов Марат Лұқпанұлы ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлегенге өнер саласына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.
Бұл концерт өнерсүйер қауым үшін есте қаларлық мәдени кештердің біріне айналды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205126?lang=kk

Добавить комментарий